Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте бірқатар кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылды

Шымкентте бірқатар кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылды

Шымкент қаласында 3 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берілген.

Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны аталған жобаны енгізді. Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 140 кәсіпорын қосылды. Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, жыл басынан бері зиянды және қауіпті 43 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді, жалпы 482. Сондай-ақ, қаламыздағы 112 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

Айта кетейік, 2022 жылға Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі 3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген. Бүгінгітаңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлықкәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбекшарттарының электронды нысанда жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 1829 кәсіпорында 37 0000 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 59% құрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*