Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫН ТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫН ТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толды. Бүгін, 22 тамыз — совет заманында Қазақстанды ең көп басқарған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткен күні.
Осыған орай Шымкент қаласындағы ескерткішінің жанында Дінмұхамед Ахметұлын еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған тарихи тұлғаның көзін көрген замандастары, кезінде ол кісімен бірге қызмет атқарған еңбек ардагерлері мен Қонаев тұлғасын зерттеп жүрген ғалымдар қатысты. Жиналған қауым мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті.  Қайтыс болғанына 23 жыл өтсе де Социалистік еңбек ерін ешкім ұмытқан емес. Оның еңбек жолы, адами қасиеті жөнінде естеліктер айтты. Жиынға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, сөз сөйледі.
–Өз тарихын танып, одан сабақ алмаған, өткенін жас ұрпағына өнеге етпеген халықтың болашағы бұлыңғыр. Біздің тарихымыздан ойып орын алатын тұлғалардың бірі де, бірегейі Дінмұхамед Қонаев екені баршаға аян. Ол кісінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқымыздың төл мәдениетін сақтауға қосқан үлесі орасан зор. Біз ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, осынау тарихи тұлғаны жастарға таныту, оның азаматтық кескін-келбетін балаларымызға өнеге ету жолында үлкен жұмыс атқаруымыз керек, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Жиналған көпшілік ұлт қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның елге сіңірген еңбегі мен азаматтық болмысы жайлы ғибратты естелік әңгімелер айтты.
Ел ардақтысы Дінмұхамед Қонаев 81 жасында дүниеден озады. Соңында алтыннан да қымбат мұрасы — қоғамға сіңірген еңбегі қалды. Елі еткен еңбегін елеп, жыл сайын туған күні мен қайтыс болған датасын ұмытпайды. Ардақтысын еске алып, өзге өнеге болған ғұмырын пір тұтады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*