Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕЗДЕСУДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЗДЕСУДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының «Бақытты отбасы орталығында» Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Балаға ата-ананың жауапкершілігі» атты кездесу өтті. Басқосуға орталық басшысы Абибулла Калымбет, аудан әкімдігі жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері және тұрғындар қатысты.
Бүгінде қалада ана отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күресу мақсатында құрылған 3 арнайы орталық жұмыс істейді. Олар —Ана үйі, №3 әлеуметтік қызмет көрсету ортылығы және Сана-сезім орталықтары. Отбасында жәбір көргендердің дені осы мекемелердің көмегіне жүгінеді. Мұнда аналар заңгер, психолог, әлеумет қызметкерлері және ажырасу мәселесі туындаған жағдайда медиатордан кеңес алу мүмкіндігіне ие.
Қаладағы №3 әлеуметтік қызмет көрсету ортылығының әлеуметтік маманы Гульчехра Моминова келтірген дерекке сүйенсек, орталықта аналар мен балаларды қорғау үшін 3 бағытта жұмыс жүргізіледі. Тұрмыстық зорлық, адам саудасының құрбандары және террористік аймақтардан келген әйелдер мен балаларды қоғамға баулиды.
–Жыл басынан бері мекемнің қызметіне 421 әйел жүгінген. Оның ішінде 212 әйел жатын орынмен қамтылды. Одан бөлек, «Қауырт желі» арқылы 125 ана, онлайн – 15, офлайн түрде 69 әйел маман кеңесін алған. Біз әйелдерге 6 ай бойы психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық қызмет түрін ұсынамыз. Осы уақыт аралығында оларды тұрақты жұмыспен қамтуға көмектесеміз, -дейді әлеуметтік қызметкер.
Жауапкершіліктен қашып, орталықта 6 ай уақыт өткізуді жөн көретін аналар да жетерлік. Мамандар олардың мақсатын өзгертуге, еңбекке жігерлендіру үш жұмыс жүргізуде.
–Әр адам отбасында өзінің жауапкершілігін сезіну тиіс. Өкінішке қарай орталыққа шын мұқтаждармен бірге жауапкершілікті арқалағысы келмейтін әйелдер де бар. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр, -дейді ол.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*