Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Еңбекші: 100-ге жуық көшеге асфальт төселді

Еңбекші: 100-ге жуық көшеге асфальт төселді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 99 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 99 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 33 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы асфальт, 181 шақырымы тас, 19 шақырымы топырақты құрайды. Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, биыл ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылының 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысы және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, Шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Қалған нысандар 2023 жылға өтпелі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*