Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпарттық агенттігі.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бекітілген жобаға сәйкес, 329,8 шақырым ішкі орамдық су жүйелері тартылады. Қазіргі уақытта 40 шақырым су құбыры тартылып, құрылыстың 15 пайызы аяқталды. Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен.

Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі.

Қазіргі таңда Шымкентте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын ауыз суға қол жеткізеді. Осылайша 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*