Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СОТ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

СОТ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай отырып елімізде бірқатар салаларда үлкен өзгерістер болатынын аңғаруға болады. Ең бастысы Әділетті Қазақстанды орнату енді басталатыны айтылды. Мүмкін өткен уақыттағы атқарылған жұмыстар соған дайындық болған деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту ең басты мәселе екені анық. Жолдауда халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуда нақты тапсырмалар берілді. «Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. «Бұл 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады» деді Президент.
Ендігісі, сол саласына енгізілетін өзгерістер. Яғни Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғарғы сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн, деді. Жалпы, әділетті мемлекет болу үшін сот жүйесі мықты болу керек. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьяның еркіндігі секілді проблемаларды көптен бері баспасөз беттерінде көтеріп келеміз. Кейде соттарға қысым сырттан емес, сот төрағаларының өзінен де болып жатады. Жаңа Жолдауда бұл мәселелер шешілетіні сөз болды, яғни судьялар сот төрағаларын өз іштерінен сайлайды. Қаншама уақыттан беру көтеріліп келе жатқан өзекті мәселеге Президент нүктесін қойды. Және тағы бір жүйедегі жаңалық, сот кеңесінің жұмысы күшетілетіні бұл салаға серпін берді.
Сот саласында тың өзгерістер әділетті қоғам құруда аса маңызды қадам болды деп есептеймін.
Бекет ТҰРҒАРАЕВ,
Сот саласына еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*