Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢАРУЫ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢАРУЫ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні ел дамуының жақын болашақтағы бағдарында маңызды саналатын халыққа Жолдауын жариялады. Басым бағыттар мен маңызды тапсырмалар берілген құжатта қоғамдағы түйткілді тұстардың негізгілері қамтылды деп ойлаймын.
Соның ішінде кәсіпкерлік пен салық салалары да назардан тыс қалған жоқ. Себебі, дамыған кәсіпкерлік ел экономикасының негізі саналатыны айқын. Президент салық жүйесінің нақты әрі түсінікті орындалуы экономиканың тұрақты өсуіне тікелей әсер ететінін айқындап айтты. 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен салық режимдері жеңілдетіліп, салық төлемдерінен жалтарудың түрлі құйтырқылықтарының алды алынбақ. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін салықтық ақпараттық жүйелерді жетілдірудің маңызды екенін белгілі. Не үшін және қанша көлемде салық төлейтіні айқын болса, салықтық ынталандарыру шаралары мықтап қолға алынса, салық төлеуден жалтаратын кәсіпкерлер азаяр еді деп сенемін. Ал бюджетке салық түсімінің артуы мемлекет экономикасының тұрақты дамуының қозғаушы күші болмақ.
Салық дегенде кәсіпкер ұғымы еске түседі. Мемлекет басшысы елдегі кәсіпкерлікте бәрін басынан реттеуді тапсырды. «Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Расында, шағын және орта кәсіптің тұралап қалмай, қарқынды дамуында әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің болмауы маңызды деп санаймын. Сонда ел экономикасы дами түседі.
Еркін САТҚАНБАЕВ,
Шымкент қалалық мәслихаты бірлестігі қоғамдық кеңесінің төрағасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*