Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СТОМАТАЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СТОМАТАЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Шымкентте ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды.
Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет.
Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады.
Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған.
Шымкент қалалық клиникалық аурухана базасынан ашылған стоматалогиялық кабинет жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Байланыс телефоны: 8 (7252) 41-80-72.
Сонымен қоса, Шымкент қалалық стоматологиялық емханада түнгі ауысымдағы кабинеттер саны артты. Тіс емханасы тәулік бойы екі ауысымда, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Мұнда күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетеді. Түнгі ауысымда 3 дәрігер 2 медбике жұмыс істейді. Түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді. Ал күндіз бала саны 500-600 –ге дейін барады. Балаларға арналған бөлімде осы уақытқа дейін бір кабинет жұмыс істеген. Айта кетейік, Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 пайыз. Қалада алты ай ішінде 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды. Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады. Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек-орын бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*