Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиналыс өтті. Мекемелердің дайындығы пысықталып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91% дайындалған. Ал, 484 бюджеттік мекемелерден бүгінгі күнге дайындалғаны 480 нысан (99%), дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген.
Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар.
Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.
Қала әкімі күрделі жөндеу жұмыстары бойынша аяқталмаған жұмыстарды тездетіп бітіруді, құбырларды жаңартуда орын алған кемшіліктерді реттеуді, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығын тексеріп қосымша баяндауды, маусымға дайындық жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді. Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.
Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар. Сонымен қатар, бюджеттік нысандардың қатты отынға (көмір) қажеттілігі 4,7 мың тонна.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*