Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Мадияр Есенгелдіұлы өткен брифингте мәлімдеді.
– Қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталды. Өткен жылу беру маусымында өрттің саны 11%-ға азайған. 2021-2022 жылдары улы газбен улану жағдайлары тіркелмеген. Улану жағдайларының негізгі себептері – газ қазандығының дұрыс жұмыс жасамауы, мұржаларының жоқ болуы, газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзу, ауа тартқыш арнасының бітелуі, — деді М.Жақсыбаев.
Жазатайым жағдайларды және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының және «Жастар ресуртар орталығының» еріктілерімен бірлесіп үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келді.
Спикердің сөзінше, газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы қала көшелерінде 15 билборд орнатылды. Интернет-ресурстарда, баспада қауіпсіздік бойынша материалдар жарияланды. Қаланың 7 сауда орталығында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кинотеатрларда (көрсету басталғанға дейін), телеарналарда бейнероликтерді көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, тұрғын үй секторын аралау кезінде арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілерде (instagram, telegram,facebook.), Төтенше жағдайлар министрлігі мен департаменттің сайттарында жарияланды.
Департамент газ техникалық инспекциясы және тұрғын үй иелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп, табиғи газдан улану бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселесі талқылады.
Жоспарға сәйкес жаңа жылу беру маусымына дайындық бойынша «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды. Осы мақсатта қалада барлық құзырлы мекемелердің қатысуымен «Әрбір үйдің қауіпсіздігі» атты арнайы акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында бір күн ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 8 отбасының үйіне демеушілердің тарапынан улы газды анықтайтын газ дабылқаққыштары орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жылу беру маусымының соңына дейін өткізіледі. Жалпы қала аумағында 1 455 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы тіркелген.
Биылғы жылу беру маусымына дайындық барысында әлеуметтік жағдайы төмен 315 отбасының үйіне барып (1 523 адамға) түсіндірме жұмыстарымен қамтылды.
Қала бойынша 2022 жылғы 15 тамызынан бастап 2 қыркүйекке дейін жеке тұрғын үй секторларында 730 үйге (2 834 адам) түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Спикер, баспасөз жиынының соңында қала тұрғындарынан жылу беру маусымында барлық сақтық шараларды сақтауға шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*