Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ІШКІ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

ІШКІ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

Шаһарымыздың қыс мезгіліне дайындығы бойынша қала басшысы бүгін «ОНС-Моторная» сорғы станциясына барды.

Ондағы жөндеу жұмыстары барысымен танысып, тиісті сала мамандарымен дайындық жұмыстарын талқылады.

Шымкент қаласының «Оңтүстік» бөлігінің тұтынушыларын «ТЭЦ-3» жылу қуатымен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 836 көпқабатты тұрғын үй, 51 білім, 8 денсаулық сақтау, 4 құқық қорғау органдарының нысаны бар.

«ОНС-Моторная» сорғы станциясы 2007 жылы қолданысқа берілген. 2 дана Д-1250-125YXЛ 3,1 маркалы және 3 дана СЭ-2500-180-10 электрсорғылары орнатылған.

Күрделі құрылғылардан құралған нысанның жылыту маусымына 100% дайындығының маңыздылығына тоқталған шаһар басшысы, сала мамандарының өз жұмысына деген жауапкершілігіне сенім білдірді.

Қаладағы 1987 көп қабатты тұрғын үйлердің 91 пайызы жылу беру маусымына дайын, яғни бұл үйлер толық сығымдаудан өткен.

Атап айтқанда:

  • Абай ауданы — 419 үй, дайындалғаны 377 үй, қалғаны 42 үй (90%);
  • Әл-Фараби ауданы — 613 үй, дайындалғаны 552 үй, қалғаны 160 үй (90%);
  • Еңбекші ауданы — 533 үй, дайындалғаны 485 үй, қалғаны 48 үй (91%);
  • Қаратау ауданы — 422 үй, дайындалғаны 389 үй, қалғаны 105 үй (93%).

Дайындық жұмыстарын тұрғындармен келісімшарт жасасқан коммуналдық мекемелер жүргізуде.

Өткен жылдардағы жылу беру маусымы көрсеткендей, дайындық жұмыстары мерзімінде жүргізілген көп қабатты үйлерде ақаулар орын алмаған, тұрғындар сапалы жылумен қамтылған. Үй ішіндегі жылыту батареялар іші су өткізу көрсеткіші маңызды. Тозығы жеткендерін ауыстыру, ішкі құбырлардың жылу өткізгіштігін тексеру тұрғындардың (ОСИ, ПТ) жауапкершілігінде.

Көпқабатты тұрғын үйлердің орталық магистралдан келген жылуды толық пайдалану көрсеткіші, тұрғын үйдің ішкі жүйесінің (құбырларының) тазалығына байланысты.

Тұрғындарымызды қыс маусымы дайындығына назар аударуға шақырамыз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*