Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Шымкент марафон — 2022» спорттық іс-шарасы өтеді

«Шымкент марафон — 2022» спорттық іс-шарасы өтеді

Шымкент қаласында «Шымкент марафон — 2022» ауқымды спорттық іс-шарасы биыл 5-ші рет өтпек, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бұқаралық жүгіру сайысын ұйымдастырушылар арнайы баспасөз-брифингінде жобаның биылғы ерекшеліктерімен таныстырып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Royal fitness клубының жобаны ұйымдастырушы менеджері Айдана Қадырдың айтуынша, биылғы сайысқа 5 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Сайыстың жалпы жүлде қоры — 11 миллион теңге. Жүгіру қашықтығы: «Beginner» 5 км; «Runner» 10 км; «Half-Marathon» 21 км; «Marathon» 42 км; «Scandi» (жаяу жүріс) 5 км. 11 қыркүйек күні Әл-Фараби алаңына тек кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлері бақтарын сынамақ. Атап айтқанда, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан және еліміздің басқа өңірлерінен де қатысушылар тіркелуге өтінім берген.

— Жарыста барлық қауіпсіздік талаптары сақталады. Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетеді. 5, 10, 21 және 42 шақырым бойынша және скандинавиялық жүрістен жеңімпаздар анықталады. Жалпы іс-шарада 700-ден астам волонтер қызмет көрсетеді, — деді А.Қадыр. Айта кетейік, қалада 10-11 қыркүйек күндері «SHYMKENT MARATHON» шарасының өтуіне байланысты Әл-фараби алаңы уақытша жабылады. Осыған орай, 10 қыркүйек күні 52, 56, 92 маршруттары ұсынылған сызбаға сәйкес, Т.Айбергенов, Республика, Түркістан көшелері арқылы қатынайды.

Ал марафон ұйымдастырылатын 11 қыркүйек күн, сағат 07:00 — 15:00 аралығында, Тәуке хан, Қонаев, Түркістан көшелері арқылы қатынайтын маршруттар Тәуке хан, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, М.Дулати, Қазыбек би көшелері қатынайтын болады. Бәйдібек би көшесі арқылы қатынайтын маршруттар Т.Рысқұлов, С.Бәйтереков көшелері арқылы қатынайтын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*