Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АЛАШТЫҢ АХМЕТІ – ҰЛТ ЖҮРЕГІНДЕ

АЛАШТЫҢ АХМЕТІ – ҰЛТ ЖҮРЕГІНДЕ

Шымкент қалалық сотында алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша жиын өтті.
Басқосуға Шымкент қалалық сотының төрағасы, аудандық және теңестірілген соттарының төрағалары, судьялар, отставкадағы судьялар, Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы, кеңсе меңгерушісі және БАҚ өкілдері қатысты.
– Ахмет Байтұрсынұлының халық ағарту және әдебиет саласына сіңірген еңбегі орасан. Ол «Қазақ» газетінің алғашқы шығарушысы әрі редакторы болған. Қайраткер бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнады. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды,- деді Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков.
Қазақ тарихында А.Байтұрсынұлы редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. 1917 жылы революциядан кейін ол «Алаш» партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болып, II жалпы қазақ съезінде оқу-ағарту комиссиясы болып сайланды. 1920 жылы Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасын межелеу ісіне белсенді араласып, Астрахан және Сібір аумағындағы қазақ жерлерін Қазақстан құрамына қайтаруға араласты. Сондай-ақ, Қазақстанда мектеп жүйесін қалыптастыруға, мәдениет ошақтарын құруға және жаңа оқулықтар жазуға басшылық жасады.
–А.Байтұрсынов қалың ұйқыда жатқан қазақ халқын өзінің кітабы, жазған мақалалары арқылы оятты. Осылайша, қазақтың ұлағатты ұстазы атанды,-деді ОҚМПУ доценті, ф.ғ.к. Нариман Жұмашұлы.
Іс-шара соңында аудандық соттың судьялары мен мамандары аудармашы, педагог, публицист А.Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Қонақтар жиын соңында ұлт ұстазының кітаптар көрмесін тамашалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*