Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармасымен бірлесіп 223 мектепте «адалдық сағатын» өткізді.
Іс-шара форматы шамамен 150 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
Дәріскер ретінде қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Қоғамдық кеңестің өкілдері, ардагерлер, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Әлтеев «Адал Ұрпақ» клубының белсенділерімен кездесті.
Сөз сөйлеу барысында спикерлер оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары туралы айтып, адал, әділ, ел патриоты болуға шақырды.
Сондай-ақ, Ж.Жұмабаев парасаттылық сағаттарын қосымша сабақтар түрінде енгізуді және оларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік филиалы мен желілік бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.Талдау барысында темір жол көлігімен жолаушылар және жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау себептері мен шарттары зерделенетін болады. Осы ретте, көлік прокуратурасының, табиғи монополиялар департаментінің, көліктік бақылау инспекциясының, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақтың және қоғам өкілдерімен диалог аясында аталған саладағы проблемалық мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша темір жол көлігімен жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар мәселелер, сондай-ақ АҚ қызметін регламенттейтін құқықтық актілердегі, ұйымдастыру-басқару қызметіндегі тәуекелдер талқыланды.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығы жұмыс істейді.
Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.