Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қостанай өңірінде орын алған өртке байланысты қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. Солардың арасында жастар да белсенділік танытуда.  Солардың арасында шымкенттік жастар да бар. Орман өртінен зардап шеккендерге қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігі Қостанайға аттанды.  Олар бүгін Жастар орталығында жиналған барлық гуманитарлық көмекті ерікті жастардың ұйымдасуымен жүк көлігіне тиеп, Қостанайға жіберілді.
Жүк тиелген көлікте зардап шеккендерге бұзылмайтын азық-түлік өнімдерімен күнделікті тұрмысқа қажетті гигиеналық құралдар, балаларға қажетті жөргектермен қатар кілемдер және көрпе-төсектер бар.
Ерікті азаматтар қайбір іс болмасын белсенділік танытып, өнегелі ісі өзгелерге үлгі болып келеді десек, кезекті керуенді шымкенттік еріктілер аттандырды. Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Жас Отан» Қуатбеков еріктілер ұйымы, Мирас колледжі, Шымкент кәсіпкерлер палатасы және өзге де ерікті жастардың атынан күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, көрпе-төсек, құрылыс заттары, азық-түлік, жылы киімдерді жөнелтті.
–Қостанай облысының тұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз. Біз ортақ игі іске өз үлесімізді қосуға дайынбыз, — дейді еріктілер.
Әрине, жастарға қолдау білдіріп, жомарттық танытқандардың қатарында қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, жоғары және орта арнаулы оқу орындары және еріктілер бар. Жастар қиын кезде қолдау білдіргендің бәріне алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қостанай облысында тілсіз жаудан жапа шеккендерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қолдауымен, халық қалаулыларының көмегімен жиналған барлық гуманитарлық көмекті жүк көліктеріне артып, оны Қостанай жеріне жеткізуге қалалық мәслихат депутаты Қуандық Сұлтанғали мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі Абай Сырлыбаев жолға шықты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*