Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ОТЫН ЖАҚҚАН ШЫРАҚ

ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ОТЫН ЖАҚҚАН ШЫРАҚ

Жаңа оқу жылының екінші аптасында «Тілдер мерекесімен» орай, ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы тұспа тұс тойланып отыр.
2021жылы 21 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енген болатын.
Бүгінде елімізде ұлт ұстазының қызметін жан-жақты танытуға бағытталған халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында 05.08-09.08.2022ж. аралығында «Ұлылықтың отын жаққан шырақ» тақырыбында қалалық апталық іс-шараларды ұйымдастырды.
Ұлт ұстазының мерейтойын атап өту барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде бірінші күні апталыққа арналған мектеп жиыны өткізілді. 8-10 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсыновтың туындыларын мәнерлеп оқудан әлеуметтік желілер арқылы челлендж жүргізуден бастау алды.
Сонымен қатар,«Алаш зиялылары және қазақ тілі» атты әдеби көрме ұйымдастырылды. Мектептің фоелері мен кітапханаларында А.Байтұрсыновқа арналған кітаптар көрмесі, бұрыштары ұйымдастырылды.
Апталық барысында гуманитарлық пән мұғалімдері оқушыларға мемлекеттік тілдің және орыс, ағылшын тілдерінің, қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын, бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында бірқатар шаралар жүргізді.
Жоғары сынып оқушылары арасында «Үш тұғырлы тіл — жарқын болашақ кепілі» атты интеллектуалдық сайыс өткізді.Әртүрлі сұрақ- жауаптар, ойындар өтілді. Оқушылар тапсырма жауаптары мен ойындарды ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде айтты. Бүгінгі таңдағы тіліміздің мәселесіне қатысты келелі ой қозғады.
«Ұлылықтың отын жаққан шырақ» тақырыбындағы қалалық апталық іс-шаралары апта бойы бекітілген жоспарға сәйкес жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*