Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 11 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
2022 жылдың 5-9 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында республикалық деңгейдегі есірткінің заңды айналымы саласында құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – Шымкент қаласының аумағында «дәріханалық нашақорлық» құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекусорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ, бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу болып табылады.
«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 тәулік ішінде 11 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) 3 қылмыс, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 3 қылмыс, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) 5 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан 13 дана есірткі өсімдігі және 4 дана психотроптық дәрілік заттар тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында Химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау болып табылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*