Қаратау ауданы Полиция басқармасының полицейлері жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігін еске салады.
Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылының басталуы кезеңінде қоғамның назарын балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне аударту мақсатында «Абайлаңыз балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ оқушылармен сабақтар, дәрістер өткізу, көрнекі үгіт тарату арқылы профилактикалық жұмыс жүргізілуде.
Кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуын арттыруға көп көңіл бөлінеді.
Бүгінде тәртіп сақшылары мектептерге іргелес жатқан аумақтар мен көлік жүретін жерлерді мұқият күзетеді, барлық мектептерде ювеналды полиция қызметкерлері бекітілген.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, сондай-ақ жолда ұқыптылық пен қырағылықты жоғалту болып табылады.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру – әрбір ата-ананың міндеті. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде – ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда – балабақша тәрбиешілері бірлесіп, жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар ұшырайтын жол апатының алдын алар едік.
Жалпы, Қаратау АПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторлары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді. Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және аулаларда жүрген кезде өте мұқият болыңыз. Тұрғын үй аймағында автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек және тек жүру бөлігіне ғана емес, тротуарлар мен балалар алаңдарына да назар аударуы керек.