Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкенттік полицейлер оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Шымкенттік полицейлер оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Шымкент қаласындағы №52 жалпы орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті, деп хабарлайы jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Рахимжан Хамитов кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынатынын айтып, баяндама оқыды.
«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек», — деді тәртіп сақшысы.
Басқосуда жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді. Сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.
Кездесуге қатысқан оқушылардың ата-аналары мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Сонымен қатар,  «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жолда жүру ережелері түсіндірілуде.
Шымкент ҚПД Абай АПБ ЮПБ мектеп инспекторы полиция майоры Ирина Мухина №5 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережесін түсіндіруге бағытталған іс-шара өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін- өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Ювеналды полиция инспекторы мектеп мұғалімдерімен бірге 1-4 сынып оқушыларына «Абайлаңыз – балалар!» тақырыбында түсіндірме дәріс өткізді. 1-4 сыныптар аралығында «Жас жүргінші», «Абайлаңыз – бағдаршам!», «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*