Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Біздің полиция» – Миргазам Хусанов

«Біздің полиция» – Миргазам Хусанов

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, «Біздің полиция» жобасы Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет ететін этнос өкілдерін жазуды мақсат тұтты. Оқырмандар назарына Шымкент қалалық полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы – Миргазам Хусановты толығырақ таныстырғанды жөн көріп отырмыз.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Миргазам Хусанов спорттың бірнеше түрінен жетістікке жеткен. Бала күнінен спортты жанына серік еткен тәртіп сақшысы «Грек-рим» күресі, «Кикбоксинг» және «Пауэрлифтингтен» талай қарсыласын ойсырата жеңген.
Қазақстан және Азия чемпионаттарында бас жүлде иемденген азамат гір тасын көтеруден де алдына жан салмай келеді.
2005 жылдан бастап Ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатқан Миргазам Миракалович спорттағы шеберлігі қызметтегі қырағылықпен ұштасқанын айтады.
«Қызметтегі міндеттерімен қатар, спортта да жетістікке жетіп жүрміз. Бұл әрбір адамнан — еңбекқорлықты талап етеді. Үнемі физикалық дайындыққа көңіл бөлемін. Қылмыскермен күресте тәртіп сақшысының бойында қайрат, жүректе намыс, білегінде күш болуы керек. Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым. Ана тілім – өзбек тілі. Өз тілімде еркін сөйлеп, жаза аламын. Отбасым да қос тілді жетік меңгерген. Бастысы, Қазақстанымды жақсы көріп, мемлекеттік тілді риясыз құрметтеймін», — деп ағынан жарылды полиция майоры Миргазам Хусанов.
Қоржыны алтын, күміс пен қолаға толған азаматтың еңбек жолы жас буынға үлгі. Отбасының ғана емес, елінің мақтанышына айналған тәртіп сақшысының алдағы уақытта да биік жетістіктерді бағындыруға бекінгені қуантады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*