Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкенттіктерді спортқа тартуда ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр

Шымкенттіктерді спортқа тартуда ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр

Шымкент – салауатты өмірге бет түзеген шаһар. Жыл басынан бері қала спортшылары әлемдік сайыстарда олжа салып, шаһарда көптеген бұқаралық іс-шаралар және Қазақстаг Республикасының чемпионаттары, халықаралық турнирлер ұйымдастырылды. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев 2022 жылдың I-жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма басшысының мәліметінше, есепті кезеңде спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары жетістіктер, бұқаралық спортты дамыту бағытында ілкімді жұмыстар жүзеге асырылды.

Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, спорт саласында негізгі 4 бағыт белгіленген. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын 2022 жылы 35,9 пайызға (396 336 адам) жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 36,2 пайызға (402 544 адам) орындалды.
Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін биыл 51 пайызға (39 243 шаршы метр) жеткізу межеленген. Бүгінде жоспар 51,2 пайызға (39 513 шаршы метр) орындалды.
Сонымен қатар, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды (1861 адам), жастарды спортпен қамту (14-18 жас) нақты 45 940 адамды құрап, жоспар артығымен орындалды.

AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының спорт саласына қатысты 6 индикатор көрсеткіші бекітілген болатын. Бұл бағытта қалада бүгінгі таңда 91 спорттық секция ашылып, онда 3760 бала спортпен тұрақты шұғылдануда. Жоспар толық жүзеге асқан. 8 нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалған. Атап айтқанда, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, Көркем гимнастика спорт кешені, №12, №1 спорт мектебінің спорт кешені, World class, Royal club, Қасиет, Мадейра спорт кешендерінде жаттығу өтіп жатыр.
Дене шынықтыру мен спорттың жалпы шұғылданушылар санынан ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесін 3,8 пайызға (15 060) жеткізу жоспарланған еді. Қазіргі уақытта нақты 15 322 адам ұлттық спортпен шұғылдануда, жоспар орындалды.

Т.Қасым

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*