Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: 26 ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: 26 ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев 2022 жылдың I-жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма басшысының мәліметінше, есепті кезеңде спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары жетістіктер, бұқаралық спортты дамыту бағытында ілкімді жұмыстар жүзеге асырылды.
Шымкент қаласының спортшылары жыл басынан бері Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары, әлем және Азия чемпионаты, ірі халықаралық бәсекелерде оң нәтижелерге қол жеткізді. Шаһарда жалпы 34 спорттық мекемеде (29 мемлекеттік меншіктегі және 5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі) 17 944 спортшы оқу-жаттығу жиындарымен қамтылған. 2022 жылдың 6 айында 3 Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген спорт шебері, 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 148 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 232 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Қала спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында 39 алтын, Әлем чемпионаттарында 28 алтын медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназияда ойындарында 5 алтын, 3 күміс, 2 қола, ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, қалада жыл басынан бері спортты дамытуда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, спорт түрлерінен 26 Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 10500-ге жуық спортшы мен жаттықтырушылар қатысты. Әр түрлі жас ерекшеліктері арасында 27 қала чемпионатына барлығы 1800 спортшы бақ сынады. Одан бөлек, қала тұрғындары, әр түрлі сала қызметкерлері арасында 24 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Ал «Жастар лигасы» жобасына былтыр 140 мектеп қатысса, биыл 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қамтылды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*