Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МЕКТЕПТЕРДІҢ 98 ПАЙЫЗЫ 5 КҮН ОҚЫТАДЫ

МЕКТЕПТЕРДІҢ 98 ПАЙЫЗЫ 5 КҮН ОҚЫТАДЫ

Шымкентте  жаңадан ашылатын мектептерге тоқтала кетсек. 2021-2022 оқу жылы аяқтала салысымен биыл қалада 16 жаңа мектеп ашу жоспарланған болатын. Ол артығымен орындалып, жалпы саны 25 білім ошағы пайдалануға берілмек. Оның ішінде қыркүйек айында 20 мектептің кілті табысталады. Төртеуі мемлекеттік болса, қалғаны жеке инвестиция есебінен ашылады. Қалған 5 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.
Соның нәтижесінде 3 ауысымда оқыту мәселесі де оң шешіледі. Ал биылға осындай №38, №46, №47 және №80 мектептерге қосымша құрылыс салынып, үш ауысымда оқитын мектептер саны 9-дан 5-ке азайды.
– Өткен жылы жоспардағы 15 мектептің орнына 24 нысан жаңадан салынса, биыл 16 мектептің орнына 30 білім ошағы пайдалануға беріледі. Оның ішінде жекеменшік мектептердің де үлесі көп. Ол білім ошақтарына мемлекет тарапынан жан басына қаржыландыру тәртібімен қаржы бөлінеді. Мемлекеттік мектептерде оқулық мәселесі туындамайды. Биыл 2 сыныптың оқулықтары түгелдей жаңадан сатып алынса, қалған сыныптардың оқушыларына қажет қосымша кітаптар алынды. Барлығы таратылып берілді. Осы орайда қала тұрғындары арасында жекеменшік мектептердегі кітаппен қамтамасыз етуге қатысты сауалдар туындап жатқанынан хабардармын. Бұл тұрғыдай айтарым, заң талабына сәйкес, жекеменшік мектеп ашылғанда берілетін лицензияда оқулықпен қатамасыз ету мәселесі де көрсетіледі. Сондықтан, жекеменшік мектептер оқушыларын оқулықпен қамтамасыз етуге міндетті, – деді Жанат Тәжиева.
Жанат Арысбекқызы биыл қаладағы мектептер толығымен бейнебақылау, дабыл батырмалары және күзетпен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Сонымен қоса, оқушылар мен мектеп персоналының қауіпсіздігіне байланысты мектептердің жеке қазандықтары қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне берілуде. Яғни, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей тапсырмасымен жылу қазандықтарына арнайы мамандар қарайды.
Айта кетейік, биыл да қаладағы мектептерде оқитын 1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақ іше алады. Ал 6-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік әлсіз топтың балаларына мектеп жанынан құрылған комиссия шешімімен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жаңа оқу жылы 36 аптаны құрап отыр. Оның ішінде 173 оқу күні болса, демалыс пен каникулды қосқанда жалпы 192 күн демалыс. Осылайша жауапты мамандар баланың білім алуына қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*