Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БИЫЛҒЫ МАРАФОНДА РЕКОРД ОРНАДЫ

БИЫЛҒЫ МАРАФОНДА РЕКОРД ОРНАДЫ

Шымкент қаласында 5-ші рет өткен жүгіру марафонында биыл рекорд орнады. Оған 5 мыңға жуық азамат қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар, деп жазады қала әцкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынған бұқаралық сайыстың жүлде қорына 11 млн теңге қойылды.
Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады.
Ең ұзағы — 42 шақырым. Оны Шохрух Давлатов есімді желаяқ бірінші болып бағындырды. Көрші ел Өзбекстан Республикасынан келген марафоншы аталған аралықты 2 сағат 25 минутта жүгіріп өтті.
Бұдан бөлек, 5, 10 және 21 шақырымдық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлақтармен марапатталды.
Жалпы марафон бағдарламасына скандинавиялық жүріс пен экиден сынды бағыттар да қосылды.
Алдағы уақытта ұйымдастырушылар спорттық шараны тұрақты түрде өткізіп, оның форматы мен ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.

Айта кетейік, Сайыстың жалпы жүлде қоры — 11 миллион теңге. Жүгіру қашықтығы: «Beginner» 5 км; «Runner» 10 км; «Half-Marathon» 21 км; «Marathon» 42 км; «Scandi» (жаяу жүріс) 5 км. 11 қыркүйек күні Әл-Фараби алаңына тек кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлері бақтарын сынамақ. Атап айтқанда, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан және еліміздің басқа өңірлерінен де қатысушылар тіркелуге өтінім берген. Ал қалада 10-11 қыркүйек күндері «SHYMKENT MARATHON» шарасының өтуіне байланысты Әл-фараби алаңы уақытша жабылды.  Осыған орай, 10 қыркүйек күні 52, 56, 92 маршруттары ұсынылған сызбаға сәйкес, Т.Айбергенов, Республика, Түркістан көшелері арқылы қатынауы қарастырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*