Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Конституция — ел дамуының арқауы» атты Конституция күніне арналған мерекелік кездесу өтті.
Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Отбасы және жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Аралбеков Нүркен Бауыржанұлы, Түркістан облысы Әділет департаментінің басшы м.у.а Әліпбек Балжан Мәдиқызы, Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы қатысты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетің басқарма басшысы Тастемір Ақұлан Өсерұлы жастармен тікелей байланысқа шығып, ыстық ықылас тілектерін білдіріп, сөз сөйледі.
Қоғам дамуына үлес қосып жүрген қоғам белсендісі, волонтер жастарға, ассамблея жастарына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Омаров Асқар Қуанышұлының, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Баймульдинов Қайрат Дүйсембайұлының және Түркістан облысы мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлының атынан алғыс хат табысталды.
Мерекелік жиын соңында жастар ән айтып, Kahoot интеллектуалды ойынына қатысып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Ойын нәтижесінде жеңіске жеткен жастарға сыйлықтар табысталды.