Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 27 шілде — 7 қыркүйек аралығында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының, оған бағынысты мекемелер және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.
Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, №100.
Байланыс: +7701-778-28-57;
Эл.почта: anticor13@mail.ru
Естеріңізге саламыз, Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!