Сайрам ауданының прокуроры Д.Б.Тлемисов Ақсукент және Манкент елді мекендерінде халықпен кездесу өткізіп, оның ішінде жастарға Жолдауда айтылған «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақаласын назарға алып, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттігін атап өтті.
Келес ауданының прокуроры Б.С.Сейфолла жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Абай ауылында жергілікті тұрғындарға Жолдаудың басым бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, осы бағыттарда атқарылатын іс-шаралар жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ аудан прокуроры аймаққа тән мәселелерге, оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында атқарылған және алда орындалар жоспарларға тоқталып өтті.
Ордабасы ауданының прокуроры К.Б.Нәрікбаев Жолдауды кеңінен насихаттау мақсатында Темірлан елдімекенінде ата-аналар конференциясын ұйымдастырып, онда жасаған баяндамасында 2020-2025 жылдарға арналған жаңа білімді дамыту бағдарламасын халықпен ақылдаса отырып, дайындау қажет екендігін атап өтті.