Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қапланбек» шекарасының бақылау бекетінен есірткі алып өтпек болған шетелдікті анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, полицейлер Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтіп бара жатқан «Man TGX 18480» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, «Ачи» атты қызметтік ит белгі беріп, полицейлердің көлік жүргізушісіне деген күдігін күшейтті.
Осыдан соң сақшылар тиянақты тексеру барысында жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтап, ит белгі берген көліктің тұсын мұқият қарады. Нәтижесінде аталған жүк көлігінің құрал-саймандар салатын жәшігінің ішінен есірткіге ұқсас зат айғақ ретінде тәркіленді. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытынды көрсеткендей «марихуана» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.