Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

«Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді мерекемен құттықтады. Жиын барысында «Конституция күні» мерекесінің маңыздылығын көрсететін, арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.
Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.
Генералдың қолынан көптен күткен шендерін, яғни «полиция подполковнигі арнаулы атағын» полиция майоры Серғали Таутаев, «Кезектен тыс полиция капитаны арнаулы атағын» полиция аға лейтенанты Ерқанат Абдраманов, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Төреқұловтар алды.
ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция майоры Д.Балданов, I дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция аға сержанты Н.Құттыбаев, ҚР ІІМ-нің Грамотасымен полиция капитаны Е.Бердиев, ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция капитаны Ш.Турсуманова, полиция капитаны Д.Ерденова және 6 қызметкерге алғыс жарияланды.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Департаменттің Грамотасымен: полиция капитаны Б.Дүйсебек, полиция аға лейтенанты Н.Утешов, Алғыс хатпен полиция майоры Н.Набиалиев, полиция аға сержанты Н.Әлімқұлов марапатталды.
«Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен баспасөз қызметінің маманы Жанна Исмаилова наградталды. Осы бұйрықпен 18 қызметкерге алғыс жарияланды.
Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*