Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы ОТЫРАР ауданында жалғасын тапты

«Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы ОТЫРАР ауданында жалғасын тапты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 12 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз балалар» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталған шараның мақсаты — балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция бөлімінің қызметкерлері жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен көлік жүргізушілерінен сауалнама алынды.
Сонымен қатар мектеп окушыларына түсіндірме жұмыстар жасалып, арнайы жол-көлік оқиғасына арналған жаднамалар тарқатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*