Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орай ішкі істер органдарында 25 жыл абыройлы қызмет атқарған зейнеттегі Мұхтар Қалмұрзаевты полиция бөліміне арнайы шақырып, ел үшін жасаған адал еңбегі мен қызметі үшін алғыс білдірді.
Шара барысында полиция қызметкерлері ардагерге сұрақтарын қойып, оның қызметтегі тәжірибесінен біраз мағлұмат алды. Сонымен қатар зейнеткер, жас қызметкерлерге өзінің өмірлік ақыл-кеңесін айтты. Қызметте адал, абыройлы қызмет жасау керектігі жайлы кеңес берді.
Полиция полковнигі Ерғали Қарсыбаев жиын соңында зейнеткер Мұхтар Қалмұрзаевқа «Қазақстан Республикасы полициясына – 30 жыл» төс белгісін табыстап, сый-сияпат жасады. Айта кетсек, ардагер бұған дейін 1994-1997 жылдар аралығында Шымкент қаласы АПБ-да әртүрлі лауазымда жұмыс жасаған. 1997 жылдан бастап Қазығұрт АПБ-да, оның ішінде 2012-2019 жылдар аралығында аға криминиалист лауазымында полиция майоры болып қызмет атқарып, абыроймен зейнетке шыққан.