Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Іскер әйел: жаңа мүмкіндіктер —2022

Іскер әйел: жаңа мүмкіндіктер —2022

Түркістан облысы,  Созақ ауданында «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Іскер әйел: жаңа мүмкіндіктер —2022» тақырыбында облыстық форум өтті. Форумға республика, облыс деңгейінде арнайы спикерлер шақырылды.
Форумға келген қонақтар «Мыңжылқы» мәдениет сарайының екінші қабатында орналасқан фоеде аудандағы бірлестіктің белсенді мүшелерінің фото выставкасымен танысып және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шебері «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Ақмарал Байғараеваның жеке сурет галлереясын тамашалады.
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демекші, бүгінгі әйел —билік басында ер адамдармен иық тірестіріп, жұмыс жасап, отбасымен қызмет бабын бірге қатар алып, еліміздің өсіп өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Сонымен форумның шымылдығын айтулы бірлестіктің белсенді мүшелерінің іс шаралары мен атқарған жұмыстары бойынша жасалған арнайы бейнеролик ашты.
Бірлестіктің жұмысына оң баға бере отырып, форумның жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімінің орынбасары Қ. Оразов, бірлестіктің бірқатар белсенді мүшелерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар белсенді мүшелерді Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, бірлестіктің бірқатар белсенді мүшелері «AMANAT» партиясының, облыстық «Атамекен» ҰКП директорының, облыстық іскер әйелдер кеңесі төрайымының Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Бақ —Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, бірлестік мүшелерінің атынан он екі ауыл округінің он екі жас көпбалалы, үлгілі отбасыларына қаржылай сый сияпат тапсырды. Марапаттау рәсімі барысында қоғамдық бірлестіктің ең үздік үш мүшесіне арнайы номинациялар табысталды.«Жыл үздігі» номинациясы бойынша іскер әйел Бибімариям Тұрмаханова, « Үздік іскер әйел» номинациясы бойынша Рабиға Отыншиева, «Мейірімді жүрек» номинациясы бойынша Күләйм Дүйсенбекова марапатталды. Номинация иегерлеріне арнайы үлгідегі ленталар тағылып, сый сияпаттар тапсырылды. Форумға жиналған қыз келіншектермен асыл аналарға арнап «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер жолдады.
Форумның модераторы «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Майусова форумға қатысушыларды арнайы шақырылған спикерлермен таныстырып, форум жұмысы басталды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, іскер әйел Инара Намазбаева «Іскер әйелдің қоғамдағы рөлі», Рухани жаңғыру, ғылыми тәжірибелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әдемі Толысбаева «Гендер және даму», Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Асыл—LTD» ТОО директоры Динара Егамбердиева «Іскер әйел— саяси көшбасшы», Республикаға танымал журналист Анар Сулеева «Іскер әйел қоғамның да, отбасының да ұйытқысы» тақырыптарында озық ойларын, ашық пікірлерін, ұтымды ұсыныстарын, тұщымды түйіндерін ортаға салды. Аудандағы әйелдерге қатысты. « тұрмыстық зорлық —зомбылық профилактикасы» бойынша бірлестік мүшесі, полиция майоры Айжан Манапова, және «Іскер әйел және жұмыспен қамту» тақырыбында « Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марал Ерназарова хабарлама жасады. Бұл жерде айта кету керек отбасылық зорлық зомбылық көріп жүрген қыз келіншектерге «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері, материалдық, моральдық көмек қолдарын беріп тұрады. Сонымен қатар, жұмыссыз үй шаруасындағы бірқатар келіншектерге атаулы бірлестіктің белсенді мүшелері өз кәсібін ашуға, және еңбекпен қамтылуына ықпал жасап келген.
Атырау қаласынан келген «Күндерек» республикалық ақпараттық орталығының құрылтайшысы, іскер, кәсіпкер әйел Жібек Әшірхантегі, Республикалық «Аналар» журналының бас редакторы Ажар Момбек, « Ақ орда» жекеменшік білім ұясының негізін қалаушы, Түркістан облыстық іскер әйелдер ассоциациясының белді мүшесі Рысбекова Шынар ханым , форумға қатысушыларға ақ жарма тілектерін білдіріп, ой пікірлерін ортаға салды. Ауданымыздың Қүрметті азаматы, бірлестіктің белсенді мүшесі Нұржамал Төлеуова, аудандық мәслихаттың депутаты, бірлестіктің белсенді мүшесі Қарлығаш Жамиева форум қонақтарына, спикерлерге алғыс білдіріп, ұтымды ұсыныстарын ортаға салып, оймақтай ойларын алға тартты.
Ауданымыздағы мықты сән салондарының иелері, бірлестік мүшелері шеберлік сағаттарын көрсетіп, көпшілік көрерменнің көңілдеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Үш сағатқа жалғасқан форум өз жұмысын сәтті аяқтап, соңы іскер ханымдардың фотосессиясына ұласты.
Нұржамал МАЙУСОВА
«Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*