Түркістан облысының полицейлері азаматтардан ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуларын сұрайды. Алаяқтар жәбірленушілермен байланысу үшін кез келген құралдарды пайдаланады, оның ішінде, телефон, пошта, электрондық пошта және ғаламтор (интернет). Олар сеніміңізге кірген соң барып өзіне ең қажетті нәрсе, яғни ақша сұрай бастайды. Сол сеюепті алаяқтардың сеніміңізге кіріп, арам пиғылын іске асырмас үшін кез-келген адамға өзіңіз туралы мәліметтерді айтудан сақ болыңыз.
Сонымен қатар, ең бастысы сіз ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз!
Егер де, сіз, жоғарыда аталған жайттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.