1991 жылы 6 қыркүйекте ішкі істер органдарында анықтау қызметі құрылды. Бұл сала — тергеудің жеделдетілген бір түрі десек болады. Атаулы мереке қарсаңында Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген анықтаушыларды марапаттады.
Атап өтсек, өз ісінің маманы полиция майоры Досхан Абиш, полиция капитандары Әсел Оразалы мен Нығметжан Керім, полиция аға лейтенанттары Алау Бақытжанұлы, Айя Жантілеуова, Бақберген Шайздар Түркістан облысы ПД бастығының Грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ осы бұйрықпен 5 қызметкер «Алғыс хат» иеленді.
Мерекелік құттықтау сөзді алған облыстың бас полицейі М. Қабденов: «Ішкі істер саласы қызметкерлерінің жұмысы өте ауыр десек, оның ішінде анықтаушылардың қызметі асқан қырағылықты, дәлдікті талап ететін сала деп білемін. Яғни, анықтаушылар қылмыстарды анықтауда басы-қасында болады. Жедел-тергеу тобымен бірге қылмыс орнына шығып, түрлі жағдайлармен бетпе-бет келеді. Сондықтан шаршамаңыздар, елге адал қызмет ете беріңіздер. Жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Мереке құтты болсын!»-деп атап өтті.