2022 жылдың қыркүйек айының 9-10 (жұма, сенбі) күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Түркістан облысының полицейлері әрбір полиция басқарма, бөлімдері жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді.
Акцияның басты мақсаты – халық көп шоғырланатын орындарда олардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық кеңес беру.
Сондықтан полиция қызметіне қатысты сауалдарыңыз болса, басқа да мәселелеріңізге қатысты заң аясында көмек керек болса, өз аумағыңызға жақын тұрған полиция басқарма, бөлімдеріне баруыңызға болады.Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирлер жүргізіледі.
Ендеше берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, полиция сіздер үшін ашық, кері байланысқа дайын!