Қыркүйек айының 1-і күні ҚР Президенті Қ. Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын арнады. Жолдаудағы бесінші бағдар, «Заң және тәртіп» тікелей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға бағытталған. Осыған орай Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдері бастықтарының қатысуымен жиналыс өткізді.
Облыстың бас полицейі М. Қабденов: «Ел Президенті бірінші кезекте отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесін көтерді. Отбасында қысым көрсететіндер жазаға тартылмаса, одан әрі басынып кетеді. Ал жәбірленушілер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп атап өтті. Сондықтан біз, полиция қызметкерлері, осы салада мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар қолдануымыз қажет.
Одан бөлек Жолдауда синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы ПД қызметкерлері тарапынан одан әрі қарқынды іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ Президентіміз Қ. Тоқаев, интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керектігін жеткізді. Сол себепті, полицейлер ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыруда БАҚ-ты пайдалана отырып, жұмысты жандандыруды тапсырамын»-деп атап өтті.
Өз кезегінде жеке құрам Жолдауға қолдау білдіріп, қарқынды қызмет атқаруға уәде етті. Сонымен қатар жиналыс, 2022 жылдың 8 ай қорытындысына арналған жедел кеңеспен жалғасын тапты.