Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мерейлі «майорлар» отбасы

Мерейлі «майорлар» отбасы

Отбасы күні мерекесі аясында ҚР ІІМ «Менің полициям/My police» имидждік-ақпараттық жобасын бастады. Осыған орай сіздердің назарларыңызға Түркістан облысы Жетісай ауданының үлгілі Салтөреевтер отбасын ұсынамыз. Яғни мұндағы бейнероликтен Азамат пен Динаның үлкен ұлы Алпамыстың полиция қызметімен арнайы барып, танысуын көре аласыз.
Нақтырақ айтсақ, бөлмеден бейнебақылау камерасын тауып алған кішкентай Алпамыс, осы құрылғы арқылы полицияның қиын да қауіпті жұмысын түсіруге ниеттенді. Содан ата-анасының рұқсатымен олардың жұмыс орындарына барып, сюжет дайындады. 1 күн бойы полиция бөлімінде болған Алпамыс, ата-анасының жұмысын асқан жауапкершілікпен жасау керектігін түсінді.
Тіпті Жетісай қаласындағы өртке оранған «Күлпаршын ана» базарын тілсіз жаудан ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар, полицей барғанын көрді. Онда тәртіп сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қылмыстардың алдын алу бағытында қызмет еткенінің куәгері болды. Тұрғындардың ата-анасына алғыс айтқанын көріп, қуанды. Елдің қорғаны боламын деген бала арманына қанат бітті.
Бұл отбасын көпшілік форма киіп, шен таққан мерейлі «майорлар» отбасы деп біледі. Қос жұптың отау құрғандарына биыл 10 жылға жуық уақыт болған. Ерлі-зайыптылар қызмет бабында жүріп танысып, табыстық. Бүгінде екі перзент сүйіп отырған бақытты жанұя.
Учаскелік полиция инспекторлары өз қызметтері жайлы: Таңертең жиналыстан шыққан соң, көшені аралап, халықтың жағдайымен танысамыз. Профилактикалық жұмыстарды атқарамыз. Әрбір үйді аралап, мәліметтерді электрондық базаға ендіріп жатырмыз. Халықта жақсы таниды. Суреттеріміз халық көп жүретін қоғамдық орындарда ілулі тұр»-деп атап өтті.
Шынында қос майор қызметке бірге барады. Бірге түстеніп, кешкісін де қызметтен бірге қайтады. Рейдтерге де бірге шығып, қоғамдық тыныштықты күзетуде де қалтқысыз еңбегімен көрініп келеді.
Аталмыш полицейлердің ұлы Алпамыс та, өскенде полицей болғысы келеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*