Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мақтааралдық полицейлер жыл басынан бері 1727 құқық бұзушылықты анықтады

Мақтааралдық полицейлер жыл басынан бері 1727 құқық бұзушылықты анықтады

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2022 жылдың 8-айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1727 құқықбұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» — 112, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» 5, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» бойынша 3 құқықбұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» 1 құқықбұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» 46, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» 504 құқықбұзушылық анықталды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» 481, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» 27, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» 220 құқықбұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» бойынша 8 , ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуымен» 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2 бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» 233 құқықбұзушылық және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 77 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.
Мәселен, егістік алқапқа малдарын қараусыз жібірген тұрғындарды анықтап, Мақтаарал АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен ауыл шаруашылығы жануарын жаю қағидасын бұзған 504 тұлғаны анықтап, олардың әр қайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 9189 (тоғыз мың бір жүз сексен тоғыз) теңгеден айыппұл салды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*