Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ДЕРТКЕ НАРКОЗСЫЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ДЕРТКЕ НАРКОЗСЫЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымқалада дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады. №2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні аталмыш ауруханада 1986 жылы туылған науқас келіп түскен. Пациенттің ауруханаға түскен кездегі шағымы сүйек буындарының ауырсынуы, дене бітімінің кішірейуі, бойының шөгуі болған.

Онымен қоса науқас бүйректің созылмалы шамасыздығы салдарынан 9 жыл бойы гемодиализ қабылдаған. Тексеру барысында сондай-ақ, науқаста кальций-фосфор алмасуы бұзылғаны анықталған. Шұғыл арада дәрігерлер консилиумі құрылып, пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер күрделі ота жасауға шешім қабылдайды.

№2 қалалық аурухана базасында науқасқа қалқанша маңы безі артерияларының эмболизация отасы жасалынды. Операция сәтті аяқталып, соның нәтижесінде науқастың ауырсынуы басылған.

— Операциядан кейін науқастың сүйек буынындағы, қанындағы парат-гормон деңгейі 7 күнде 1733 пг/мл-ге дейін төмендеген және одан да төмен түсуі күтілуде. Сондықтан науқас қатаң бақылауға алынып әр аптада қан талдауға алынуда. Бір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер командасы болып жұмыс істеп, консилиум құрдық- деді, дәрігер/нефролог Мадияр Қыстаубаев.

Консилиум құрамында білікті дәрігерлер №2 қалалық ауруханың бас дәрігер орынбасары А. Жакибаев нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ж. Рсалиева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс нефрология бойынша бас маманы М. Қыстаубаев және нефрология бөлімшесінің дәрігерлері Р. Кенешбаева П. Мирзахановтар болды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрайды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*