IV легке өтінімдерді қабылдау 19 қыркүйектен басталады. Құжаттар «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
-порталда тіркелу;
-грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
-порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
-өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
✓тіркелген жұмыссыздар;
✓29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
-еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
-қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
-өңіраралық қоныс аударушылар;
-атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
-мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
-асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Ескерту!
Өтінімдер 19-30 қыркүйек аралығында (сенбі-жексенбі, яғни 24-25 қыркүйек күндерін қоспағанда) қабылданады.