Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЛА ӘКІМ ШЫМКЕНТТЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМ ШЫМКЕНТТЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі өрт сөндіру депосының құрылыс сапасын тексерді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Қала әкімі нысанның құрылыс жұмысы барысымен танысып, жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты. -Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет еткенін білеміз. Аумағы 0,3319 га жерді алып жатқан сөндіру бөлімі мегаполистің орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аудардық. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтауға қолдау танытамыз, — деді әкім.

Ғимаратта әкімшілік корпус (АБК), 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, себезгі бөлмесі, санитарлық тораптар, баспалдақтар, киім шешетін бөлме, жеңдік бөлім, директор кабинеті, директор орынбасарының кабинеті, мұрағат, бастық кабинеті, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, ГТҚҚ (Газ-түтіннен қорғау қызметі) кабинеті, оқу сыныбы, кабинеттер, дәліздер қарастырылған. Құрылысы осы жылдың маусым айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға берілуі жоспарланған. Жаңа корпус барлық нормативтік талаптарға жауап береді. Құрылыс жұмысы толық аяқталғанда, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады. Айта кетейік, бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 62 қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті. Бұл өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.

Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде бұл ерекшелік басты назарда болды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі – қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы шешіліп келуде.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*