Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ТІЛДІК НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТІЛДІК НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізіліп, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасалды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мұрындық болып отыр. Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізеді. Кезекті тексеру жұмыстары Еңбекші ауданы Қаратөбе тұрғын алабы Қапал батыр көшесіндегі 13 кәсіпкерлік нысанда жүргізілді. Нысандардың маңдайшасына жазылған жарнама, жазуларды тексеріп, зерделеген кезде 5 коммерциялық нысаннан тіл туралы заң талаптарының бұзылғандығы анықталды. Кәсіп иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ескертілді. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі түсіндірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*