Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Ж.Ташенов көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент: Ж.Ташенов көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында көлік жүктемесі жоғары магистралды және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінге дейін жоспарланған 308 көшенің 230-дан астамы орташа жөндеуден өтті. Соның бірі – Ташенов көшесі. Жол құрылыс жұмыстары Төреқұлов көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде асфальтбетон жабындысын салу жұмыстары толығымен аяқталып, екі жақтама аяқжол істелді. Сонымен қатар, жүргізушілердің қауіпсіз қозғалуына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында көше бойымен жол сызықтары сызылды. Сонымен қоса, Ғ.Ілияев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жолдың үстіңгі қабатын тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысы салу жұмыстары атқарылып, жаяу жүргіншілер жолы да салынды. Жалпы, жолдың ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, Ғ.Ілияев көшесіне веложол салынған. Оның ұзындығы — 1990 метр, ал аралығы Д.Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін. Жол құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, ағымдағы жылы шілде айында қабылданып, пайдалануға берілді. Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Шаһар басшысы жұмыстардың межеленген мерзімде және жоғары сапада орындалуын тапсырды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, қалада биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*