Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Тұрғындарға вакцина салу жұмысы тіркелген мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жүргізіледі. Осы мақсатта қалада жергілікті бюджет есебінен «Гриппол +» вакцинасының 134 580 дозасы сатып алынған. Қазіргі уақытта вакцина қаладағы емханаларға таратылып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Инна Глазебная вакцинаны бірінші кезекте қай санаттағы тұрғындарға салатынын атап өтті.
–Алдымен созылмалы ауруы бар диспансерлік есепте тұратын тұрғындар арасында алты айдан асқан, жиі ауыратын балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша мүгедектер, 60 жастан асқан қарттар,
медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші айындағы әйелдерге салынады, -деді басқарма өкілі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлесе ЖРВИ мен тұмауға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткен. Бүгінге дейін медициналық ұйым басшылары мен қызметкерлеріне осы тақырып бойынша 2 семинар ұйымдастырылыпты. Дәрігерлер тарапынан да тұрғындар арасында тұмауға қарсы екпе алуға ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізіліп келеді. Қаладағы №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуовтың айтуынша, бүгінге дейін қолданыстағы вакцинаның кері әсері байқалмаған.
–«Гриппол +» вакцинасын бірнеше жылдан бері профилактика үшін тұрғындарға егіп келеміз. Осы уақытқа дейін салынған вакцинаның кері әсері байқалмады. Екпені салдырған азамат тұмаумен ауырғанның өзінде ол жеңіл түрде өтеді. Қалалық №1 емханада 5 жарым мыңнан астам тұрғынға вакцина салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда екпенің 2000 дозасы емханаға жеткізіліп, вакциналау жұмысын бастап жібердік, — дейді бас дәрігер.
Медициналық қызметкерлердің тұрғындарға жүргізген түсіндірме жұмысының арқасында бүгін қалалық №1 емханаға тұмауға қарсы вакцина алушылардың қарасы көп. Ерікті түрде екпе алуға ниеттеніп келген тұрғынның бірі –Жәмилә Қалмырзаева. Ол бүгін медицина қызметкері санаты бойынша екпе салдырып отыр.
–Медицина қызметкері болғасын күнде жұмыс барысында түрлі науқастарға көмек көрсетеміз. Оның ішінде ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар да бар. Сондықтан әр жыл сайын ерікті түрде тұмауға қарсы вакцина салдырамын. Күздің салқыны түскенде әдеттегідей тұмаурату да көбейеді. Осы тұмауды жеңіл өткізу үшін алдын ала екпе алған әлдеқайда тиімді, -дейді Жәмилә Дадажанқызы.
Айта кетсек, тұмауға қарсы екпе емханаларда ерікті түрде тегін салынады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*