Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Стамбул мен Измирде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

Стамбул мен Измирде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

Cтамбул мен Измирде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Түркияда роуд-шоулар өтуде. Екіжақты кездесу аясында іскерлік және серіктестік қатынас орнату бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Шымкент географиялық аумағы жағынан қолайлы және инвестициялық жобалар жүргізуге ыңғайлы жағдай жасалған қала. Бұл ретте, қалаға жақын орналасқан тарихи туристік аймақтардың және жағымды ауа-райының да келуші туристер үшін маңызы жоғары.

Жалпы, аталған Шымкент қаласының таныстырылымы арқылы Түркиядан келуші туристер легін арттыру көзделген. Бұл ретте Шымкент пен Стамбұл, Анталия бағыттарында тікелей әуе рейстері тұрақты жүруде. Қазіргі таңда Шымкент 10 қаламен бауырласқатынас орнатса, жыл соңына дейін қосымша 7 қаламен ынтымақтастық құруды жоспарлауда. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары бар.

Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристер саны 6 айлық көрсеткіш бойынша 216 249 адамды құраған. Ал «экспресс-статистикалық» ақпаратқа сәйкес 9 айда шаһарға 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр. Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында. Шет мемлекеттерден келетін туристердің басым бөлігін Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Қытай азаматтары құрайды. Туристер санының артуына Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі тікелей әсер етеді. Оның ішінде ішкі рейстер Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей және Қостанай қалалары және Халықаралық бағытта Стамбул, Мәскеу, Анталия және Кутаиси қалаларына жүруде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*