Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тарапынан жылдың басында медициналық жабдық сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынған. Бұған қоса, жылдың соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады. Амбулаториялық деңгейде Шымкент қаласының 44 медициналық ұйымы (11 мемлекеттік 33 жеке меншік) 2022 жылға 9,4 миллиард теңге сомасына дәрілік заттар сатып алуға өтінімдер ұсынды. Оның ішінде 6,3 миллиард теңгеге дәрілік заттар жеткізілді. Орфандық (сирек кездесетін) аурулары бар 36 баланы дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді, 32 бала дәрілік заттармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қоса, қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класстар өткізілді. Оған 120 маман қатысты Жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді. Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналықұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар. Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек –орын бар.
Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр. Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бір дәрігердін жүктемесі 1616 дейін төмендеді.