Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте қоғамдық көліктердің саны артты

Шымкентте қоғамдық көліктердің саны артты

Шымкент қаласында жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылуда. Автобустардың саны артып, автопарктердегі қоғамдық көліктердің саны 1000-ға жетті. Бүгінде жолаушылар үшін қала іші және қала маңындағы 78 бағыт бойынша барлығы 882 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде. Тұрғындар тарапынан көліктер санын көбейту туралы өтініштер саны көбейген. Осы мәселе бойынша , әлеуметтік маңызы бар;

№45 бағыттағы қоғамдық көлігіне қосымша 4 автобус қосылып, жалпы саны 12 автобус қызмет көрсететін болды.

№66 автобус маршрутына 9 бірлік қосылып, автобус саны 16 – ға артты.

№75 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 12 автобус жолаушыларды тасымалдайды.

№138 автобус маршрутына 1 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 11 болды.

№17 автобус маршрутына 3 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 13 болды.

№34 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.

№149 автобус маршрутына 4 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.

№55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 8 болды.

№150 автобус маршрутына 2 бірлік қосылды.

№139 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.

№20 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.

№171 және №171А автобус маршруттарына жалпы 2 бірлік қосылып, жалпы саны 7-ге артты. Аталған бағыттағы қоғамдық көліктері қазан айынан бастап жаңа бекітілген кестемен жолаушыларды тасымалдай бастайды. Айта кетейік, қазіргі уақытта қалада жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.

Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы — төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*