Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Қаратау ауданында кәрізбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент: Қаратау ауданында кәрізбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданында кәріз жүйесімен қамту көлемі ұлғайтылмақ, деп хабарлайды jetpisbai.kz.

Бұл туралы шаһар басшысы М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуінде айтылды. Қаратау ауданында тұратын халық саны 266,7 мыңнан асты. Аудан аумағында кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр “Мирас” және “Тұран” ішкі магистралы бойынша 2 жобаның жұмысы басталған.

Биыл бұл тізімге “Асар-2”, “Тассай”, “Достық” елдімекендері қосылып, аудан көлемінде жалпы 5 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан көлемінде кәрізбен қамту көрсеткіші 42,7 %-ды құрап отыр. 2023 жылы ішкі жүйелер бойынша “Тұран”, “Тассай”, “Асар-2”, “Нұртас”, “Достық”, “Ақжайық” елдімекендерінде 6 жобаның құрылысын аяқтап, кәріз жүйесімен қамту көлемін 57,9 %-ға дейін жоғарылату жоспарлануда. 2025 жылға дейін 65 % кәріз жүйесімен қамту көзделуде, — деді аудан басшысы Р. Мулкеманов 24 елді мекеннің 17-сі сапалы электр энергиясымен қамтылған, қалған 7 мекенжайдағы мәселе 2023 жылдың соңына дейін толық шешіліп, сапалы электр энергиясымен қамту 100%-ға орындалады.

“Биылғы жылдың соңына дейін «Достық», «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Тассай», «Тұран», «Нұртас» елдімекендеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал 2023 жылға қарай “Бозарық”, “Қайнарбұлақ” және “Асар-2” (2-кезең) тұрғын алаптарында құрылыс басталады”, — деді Р.Мулкеманов.

Жалпы аудан аумағында ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20. Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18. Су алу қаупі бар орындарға және 378 көшеге ирригациялық арық орнатылған. Алдағы уақытта аудандағы мәселер толық шешімін табады. Жиын барысында аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына кеңінен тоқталды. Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6 магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*