Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Шымкент май» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясында жұмысшылармен кездесу өтті.

Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

–Бұл Жолдау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Себебі, біздің қоғамда «Қазақстанның табиғи байлықтарының игілігін не себепті тікелей халық көрмейді» деген мәселе көптен бері айтылып жүрген болатын. Биылғы Жолдауда Ұлттық қордың инвестициялық табыстарының тең жартысын балалардың есепшотына түсіру жөнінде бастама көтерілді. Бұл биліктің қоғамдық пікірмен, халықпен санасып отырғанын дәлелдейді. Мұндай бастамалар мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынасты жетілдіріп, өзара сенімді күшейтуге негіз болады, – деді Р.Әшетаев.

Оның айтуынша, халық өкілдерінен құралған Қоғамдық кеңестің рөлі мен маңызы артқан. Бұл кеңес қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуына қатысты маңызды шешімдерді талқылауға және қабылдауға атсалысады. Бұл да қоғамның одан әрі демократиялануының айғағы.

Кездесуде жұмысшылар Жолдау жайлы ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*