Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мемлекеттік қызметкерлердің басты қағидасы – халыққа адал қызмет ету

Мемлекеттік қызметкерлердің басты қағидасы – халыққа адал қызмет ету

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында түсіндіру шараларын жүргізді.

Көлеңкелі қылмысқа жол бермеуді көздейтін шарада Ержан Әліұлы парақорлық — ел әлеуетінің дамуына кері әсер ететін қауіпті індет екенін жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерді бармақ басты әрекеттерден алшақ болуға және кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеуге шақырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жолдауы мен заңнамалық жаңалықтарды жан-жақты талқылап, сыбайлас жемқорлық фактілеріне ұшырасқан жағдайда 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін ескертті.
Шара соңында заңбұзушылықтар аясында әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*